Италияда өткен сайлауда «Италия бауырлары» партиясы жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда өткен сайлауда «Италия бауырлары» партиясы жеңіске жетті

27.09.2022

Италияда өткен сайлауда 100 жылда алғаш рет әсіре оңшыл «Италия бауырлары» партиясы жеңіске жетті. Ол 43 пайыз дауыс жинап, парламенттің жоғарғы және төменгі палатасында қолдауға ие болған. Партия лидері 45 жастағы Джорджия Мелони премьер-министрлікке басты үміткер атанып отыр. Ол екі оңшыл партиямен коалиция құруы мүмкін. Саясаткер «барлық италиялықтарды біріктіруге» уәде берді. Оңшылдар салықты төмендету, халық пен бизнеске ақшалай қолдау көрсетуге ниетті. Экономикалық дағдарыстан әбден қажыған италиялықтарға осы бағдарлама ұнады. Сонымен бірге Италияның жаңа жетекшілерінің ұраны – «Құдай, Отан, Отбасы». ЛГБТ-ға қарсы партия мигранттарды елге кіргізуді де қаламайды. Ал партия лидері Еуроодақ пен НАТО-ның Ресей мен Украинаға қатысты қазіргі саясатын қолдайтынын мәлімдеді. Дегенмен оңшыл партияның жеңісі Еуропа Одағына қауіп төндіріп тұр деген пікірлер де айтылып жатыр.  

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу