Алматыдағы «Көкжайлау» шатқалында өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Көкжайлау» шатқалында өрт шықты

26.09.2022

Алматыдағы «Көкжайлау» шатқалында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, теңіз деңгейінен 1720 метр биіктікте құрғақ шөп жанған. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Қызыл жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазәуеқұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Қазір өрт сөндірілді. От шарпыған аумақ анықталып жатыр.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу