Алматыда қоймалар өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоймалар өртенді

28.06.2018

Бүгін таңертең Алматыдағы қоймалардан өрт шықты. Құлжа тас жолы бойындағы қоймалар тұтанып, 17 380 шаршы метр аумақ күйді. Таңғы алтыда басталған тілсіз жауды құтқарушылар 11-ге таяғанда толықтай сөндірген. Өрт сөндіру жұмыстарына 75 маман, 20 техника және бір тікұшақ жұмылдырылған. Абырой болғанда, адамдар дін аман.

Хабарламаларға жазылу