Жамбыл облысындағы тау шатқалында тағы өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы тау шатқалында тағы өрт шықты

02.09.2014
Жамбыл облысындағы тау шатқалында тағы өрт шықты

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы Сазбұлақ шатқалында 10 гектар жерді өрт шарпыды. Оны өшіруге 130-дай адам мен 17 техника жұмылдырылды.

Алайда, өртті сөндіруге таулы аймақтағы қозғалыстың қиындығы кедергі болып отыр.

Мамандар әзірге өрттің шығуына тауға көтерілген аңшылар мен малшылар себепкер болуы мүмкін дегенді алға тартады.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жиырма күннің ішінде Сазбұлақ шатқалында бірнеше рет өрт болып, 3 адам қайтыс болған.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Хабарламаларға жазылу