Жамбыл облысы Шу ауданында атыс болып, бір адам қаза тапты. Жарақат алған үш азамат ауруханада жатыр.
Оқиға 25 қыркүйек күні түнгі 00:00-ге таман болған. Көлікпен қыдырып жүрген жастарды әлде кімдер соңынан қуып жетіп, қарумен оқ жаудырған. Ата-аналардың айтуынша, балалары сол күні туған күн тойлап жүрген. Атыс салдарынан Шу аудандық ауруханасына 23,25 және 26 жастағы екі азамат жарақат алып түскен. Өкінішке қарай, олардың бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір қылмысқа қатысқандардың барлығы анықталған. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалып, үшінші адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ал бой тасалап үлгерген тағы бір күдіктіге қатысты халықаралық іздеу салынды. Әзірге қарулы қақтығыстың неден болғаны туралы нақты мәлімет жарияланған жоқ.
Нұрдос Сембай