Димаш Құдайбергеннің концертіне 2,5 мыңнан астам полицей жұмылдырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайбергеннің концертіне 2,5 мыңнан астам полицей жұмылдырылады

23.09.2022

Бұл тек Қазақстан үшін емес, халықаралық аренадағы айтулы оқиға, сондықтан оны дүрбелеңсіз, бейберекетсіз және құқық бұзушылықсыз өз деңгейінде өткізу маңызды, дейді Алматы қалалық Полиция басқармасының өкілдері. Тәртіп сақшылары концерт өтетін орын мен оған жақын аумақта қоғамдық тәртіпті қатаң қадағалайды. Жүргізушілерге Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің бойына көлік қоюға болмайтыны ескертілді. Шаһарда кептеліс болмас үшін қосалқы көшелерді пайдаланып, жүретін бағыттарды алдын ала реттеу ұсынылды. Сондай-ақ концерт кезінде ішімдік ішуге тыйым салынады.


Хабарламаларға жазылу