Елорда әуежайында iPhone 14 ұялы телефондарын алып өтпек болған ер адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда әуежайында iPhone 14 ұялы телефондарын алып өтпек болған ер адам ұсталды

23.09.2022

Шекара қызметінің қызметкерлері оның сатылымға шығарылмаған 11 дана ұялы телефонын Дубайдан әкеле жатқанын анықтады. Осы әрекеті үшін Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал байланыс құралдары кедендік тазартудан өту үшін уақытша сақтау қоймасына орналастырылады.


Хабарламаларға жазылу