Астана әуежайында 2 млн. доллардың әшекейі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әуежайында 2 млн. доллардың әшекейі тәркіленді

21.08.2017

Астанада 2 миллион доллардың әшекейін заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Стамбул-Астана бағытындағы рейс жолаушыларын тексеру барысында Шекара қызметінің әскерилері мен ҰҚҚ-нің мамандары 48 келі әшекей салынған екі сөмке анықтады. Жүктер 1980 жылғы Әзірбайжан азаматының атына тіркелген екен. Тексеру барысында 11786 әшекей бұйымы шықты. Олар сары және ақ металдан, яғни алтын мен күмістен жасалған деп алдын ала болжанып отыр. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу