Таразда қақтығыс кезінде дүкен тонаған 5 күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда қақтығыс кезінде дүкен тонаған 5 күдікті ұсталды

11.03.2022

Таразда Қаңтардағы қақтығыс кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 5 адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz. хабарлады. Құқық қорғаушылар берген мәліметке сай, қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні олар ықшам ауданның біріндегі ұялы байланыс телефондарын сататын дүкенге ұрлыққа түскен. Жалпы сомасы 200 мың теңгеге жуықтайтын телефондар мен Smart-сағаттарды тонап кеткен. Полицейлер бұл қылмысқа қатысы бар бес адамды ұстады. Қазір «ұрлық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Олардың қылмысы дәлелденсе, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.  

Хабарламаларға жазылу