Шымкенттегі тоқыма өнеркәсібінің 400 қызметкері жұмыссыз қалды
Шымкент қаласындағы тоқыма өнеркәсібімен айналысатын жергілікті компания 400 жұмысшысын уақытша еңбек демалысына жіберді. Мұны өнеркәсіп иелері әлемдегі геосаяси жағдаймен байланыстырады. Отандық өнімге сұраныстың азайып, қазір кәсіпорын қоймадағы 5 миллиард теңгенің өнімін сата алмай отыр. Жалпы фабрикада осыған дейін 750 адам еңбек етіп келген. Олар нарыққа сүлгі мен ақжаймалар, тұрмысқа қажетті тоқыма бұйымдары мен медициналық киім шағарады. Кәсіпорын айына 500 тонна мақтаны өңдеп, одан 1 жарым миллион метр мата тоқуға қауқарлы.
Берік Қадырәлиев, компаниялар тобының басқарушы директоры:
Ресейде болып жатқан арнайы операция, яғни соғыстың кесірінен Еуропаға шығатын жолдың бәрін жауып тастады. Бұл жерде тек қана саяси шешім керек. Сол кезде біз Мақтарал мен Түркістан облысында өсірілген мақтаны толығымен өңдеп Шымкент қаласында 15 мың жаңа жұмыс орнын аша аламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18