Президентікке үміткерлерді ұсыну ертең басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президентікке үміткерлерді ұсыну ертең басталады

22.09.2022

Еліміздегі Президент сайлауына үміткерлерді ұсыну ертең, яғни 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанда аяқталады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды.

Кандидаттарға қойылатын талаптар айтылды. Алдымен үміткер Қазақстан азаматы, жоғары білімді және ел аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы керек. Сондай-ақ мемлекеттік тілді еркін меңгерген, жасы 40-қа толған, белсенді сайлау құқығына ие және мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт. Комиссия отырысында кезектен тыс сайлау шарттары мен маңызды іс-шаралар бекітіліп, шетелдік байқаушылар, халықаралық ұйым өкілдерінің миссияларын ұйымдастыру жайы пысықталды.

Нұрлан Әбдіров, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесіне қатысушылары мен сайлау ұйымдастыру мен өткізу жөнінде семинарлар өткізеді. Сайлау процесінің әртүрлі санаттарын сайлауалды жарнамасы негізінде халықаралық практикаға, процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне жүйелі түрде оқыту сайлау процесіне қатысушылардың кәсіби даярлығына және сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.


Хабарламаларға жазылу