Сенат депутаттығына 88 үміткер ұсынылды - Венера Жексембекова
2-31 тамыз аралығында республика бойынша Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттығына 88 үміткер ұсынылды.
Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлімдеді.
Сайлауға дайындық пен оны жүргізу шараларының күнтізбелік жоспарына сай, үміткерлерді ұсыну 31 тамызда аяқталды.
Ең көп үміткер Алматы қаласынан тіркелген. Олардың саны - 9. Ал, Ақтөбе және Алматы облыстарынан 7 кандидаттан ұсынылды. 15 кандидат мәслихаттардан ұсынылса, 73 азамат өзiн-өзi ұсыну құқығын пайдаланған.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2014 жылдың 1 қазанына белгіленген.
strategy2050.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05
О.Бектенов «Болашақ ойындары 2026» турниріне дайындықты тексерді
11.07.2026, 20:05