26 млн теңге: Мұғалімдердің жалақысын ұрлаған ер адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

26 млн теңге: Мұғалімдердің жалақысын ұрлаған ер адам ұсталды

22.08.2022

Түркістан облысының Шардара ауданында бес мектептегі мұғалімдердің жалақысын жасырын ұрлаған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Айнұр Ақбаева, тілші:

Күдікті – Алматы қаласының тұрғыны. Ол сол қалада тұрып-ақ, интернет арқылы ұрлық жасаған. Сөйтіп 76 мұғалімге 26 млн теңге көлемінде шығын келтірген. 1 С бухгалтерлік бағдарламасын жетік меңгерген жігіт қомақты соманы өз есепшотына аударып, ойынханаларға жаратқан болып шықты. Алайда ақша есепшотына түскен соң ол күдікке ілініп, Алматы қаласынан ұсталды. Тінту кезінде қалтасынан 1,5 млн теңгедей табылған. Сондай-ақ анасы балам берген еді деп 1млн 300 мың теңгені полицияға әкеліп берген. Қалған қаражаттың басым көпшілігін казиноларға жаратып қойған болып шықты.

Руслан Әбдірайымов, Шардара ауданының прокуроры:

Ал күдіктінің өзі 188 баптың 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған нақты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі таңда сот үкімі күшіне енген жоқ. Сонымен жалқы 12 млн теңге ысырап етуге дер кезінде қолданылған шара арқылы тоқтатылды. Қазіргі таңда ол қаржылардың барлығы мемлекет кірісіне қабылданды.

Айнұр Ақбаева, тілші:

Қазіргі таңда ұстаздарға жалақысы ішінара қайтарылды. Қалған сомма күдіктіден қосымша өндірілетін болады.

Хабарламаларға жазылу