Мобилизацияға қарсылық: Ресейде шеру кезінде 1300-ден астам адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мобилизацияға қарсылық: Ресейде шеру кезінде 1300-ден астам адам тұтқындалды

22.09.2022

Ресей қалаларында мобилизацияға қарсы шерулер өтіп, 1300-ден астам адам тұтқындалды. Ұсталғандар саны жағынан Мәскеу мен Санкт-Петербург алдыңғы орында тұр. Және де Мәскеу прокуратурасы осындай демонстрацияларға қатыстандардың 15 жылға бас бостандығынан айрылатындығын ескертіп отыр.

Айта кетсек, президент Владимир Путин 300 мыңдай адамның әскер қатарына шақырылып, Украинаға жіберілетінін сәрсенбі күнгі телевизиялық үндеуінде жариялады. Содан кейін елдің 37 қаласында наразылық акциялары басталды.

Путиннің мәлімдемесінен кейін Ресейден шетелге ұшақпен кетушілер күрт көбейді. Түркияға, Арменияға, ТМД елдеріне, Дубайға, Грузияға авиабилеттер дереу сатылып кеткен. Әдетте Түркияға билет 22 мың рубль тұратын. Қазір оны жолаушылар 70 мыңға алып жатыр. Ал Дубайға билет құны 5 есеге өсіп, 5 мың долларға жетіп отыр.


Хабарламаларға жазылу