Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша оның алдын ала шарттар мынадай: Ипотека мерзімі 20 жылға дейін, бастапқы жарна да кемінде 20 процент болуы керек. Ал несие көлемі әртүрлі, Астана мен Алматыда 35 миллион, Ақтау, Атырау, Шымкентте 25, Қарағандыда 20, өзге өңірлерде 15 миллион теңгеге дейін. Егер осы шарттар арқылы кез-келген банктен 19 немесе 20 пайыздық мөлшерлемемен үй алсаңыз, оның 7 процентін мемлекет өтеп береді. Яғни жаңа бағдарлама пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға арналып отыр. Оның қашаннан бастап іске асатыны әзірге айтылған жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16