Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 4 адам қайтыс болды

Қарағанды облысында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 4 адам қайтыс болды

Қарағанды облысының Сарышаған елді мекені маңында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 4 адам қайтыс болды. Тағы жарақат алғандар бар.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

Өкінішке орай қайғылы жағдай салдарынан қос көліктің жүргізушілері және автобустың бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ тағы бір жолаушы жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 11 жолаушы болған. Олардың барлығы да – Балқаш қаласының дәрігерлері. 8 медицина қызметкері түрлі дене жарақатын алған. Жол-көлік оқиғасы полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Бөлісу