Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы халықаралық «Politico» басылымында жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы халықаралық «Politico» басылымында жарық көрді

20.09.2022

Материал «Қазақстан Президенті: Біз реформалар жолымен алға қарай қарқынды жылжып келеміз» деп аталады. 

Мемлекет басшысы жаһандану идеясын қолдайтынын, себебі бұған дейін де жаһанданудың өркендей түсуге ықпал еткенін атап өткен. 

Сонымен бірге Жаңа Қазақстанды құру жоспары билікті орталықсыздандыру мен әр азамат үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді көздейтіні жазылған. 

Мақаладан үзінді келтіре кетсек: «Тәуелсіздік алғалы біз көрші мемлекеттермен түрлі жағдайларды тек конструктивті жолмен шешілуі тиіс деген ұстанымнан ауытқымай келеміз. Сондай-ақ, «Екі апта бұрын мен Парламентке Әділетті және адал Қазақстанды құру жоспарын ұсындым. Бұл жоспар заңның үстемдік етуіне, халықаралық деңгейде бәсекелестікті арттыруға, әр азамат үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған» делінген.  

Хабарламаларға жазылу