The Hill басылымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

The Hill басылымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарық көрді

20.09.2023

«БҰҰ қысқа мерзімді емес, жүзжылдық дамуымызды айқындайтын шешімдерге назар аударуы керек». Осындай атаумен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «The Hill» басылымында мақаласы шықты. Мақалада климаттың өзгеруі, жасанды интеллект сияқты салалар резонанс тудыратыны жазылған. Сондай-ақ соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, қауіп-қатерлерге дайын емес екендігімізге де тоқталған. Оған пандемияның айқын мысал екенін атап өтті.

«Біз болашақта пандемияға дайын болуға ықпал ететін БҰҰ-на биологиялық қауіпсіздік агенттігін құруға шақырамыз. Біз су мәселесі мен жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі туралы ашық айттық. Біз уран, литий, сирек кездесетін металдар және басқа да маңызды пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің ең тиімді әдісін іздеу арқылы болашақ экономикасының негізін қалау мақсатында халықаралық серіктестерімізбен жұмыс істеуді жалғастырамыз», - деді Президет.


Әйгерім Ердәулет 

Хабарламаларға жазылу