«Азық-түлік корпорациясы» биылғы астықты сатып алу бағасын белгіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Азық-түлік корпорациясы» биылғы астықты сатып алу бағасын белгіледі

19.09.2022

«Азық-түлік корпорациясы» биылғы астықты сатып алу бағасын белгіледі. 3 класты бидайдың тоннасы сапасына қарай 121-125 мың теңге аралығында сатылады. 4 класты бидай 115 мың теңге, 5 класты бидай 98 мың теңгеге бағаланған. Осы секілді арпаның тоннасы 95 мың, сұлы 90 мың теңге және қарақұмықтың тоннасы 170 мың теңге болып бекітілді. Былтыр елдегі қуаңшылыққа байланысты бидай бірден 25%, арпа 75% қымбаттаған еді. Осылайша бидайдың тоннасы 107 мың теңгеге сатылды. Солтүстікте егін орағы аяқталуға жақын. Болжам бойынша қамбаға 5 млн тонна астық құймақ. 

Хабарламаларға жазылу