НВО телеарнасы Майқұдықта Геннадий Головкин туралы туралы ролик түсіруді бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

НВО телеарнасы Майқұдықта Геннадий Головкин туралы туралы ролик түсіруді бастады

08.06.2016
НВО телеарнасы Майқұдықта Геннадий Головкин туралы туралы ролик түсіруді бастады

Американдық танымал НВО телеарнасының түсіру тобы Қарағандының Майқұдық ауданына келді.

Түсіру жұмыстары ағайынды Геннадий мен Максим Головкиндер алғашқы болған бокс залында өтті.

«Геннадий Головкин НВО түсіру тобымен өзінің Майқұдықтағы алғашқы бокс залында. Түсірілімнің жай-жапсары - жақында болады», - делінген  Головкиннің ВКонтакте әлеуметтік желісінің ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Қазіргі кезде Геннадий Головкин орта салмақта IBF/IBO/WBA/WBC әлем чемпионы. Мексикандық Сауль Канело Альварес WBC атағынан бас тартқаннан кейін, бұл атақ Головкинге көшті, қазақстандық спортшы қазіргі кезде кәсіби бокстегі ең атақты спортшы атанды. Оған енді WBO атағын алу ғана қалды, бұл атаққа қазір ешқашан жеңілмеген британдық Билли Джо Сондерс ие болып отыр. Егер оны да жеңіп кетсе, Головкин 2006 жылдан бергі орта салмақтағы абсолютті чемпион болмақ.  

Хабарламаларға жазылу