Геннадий Головкинмен кездесу Астанада 22-қараша күні өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкинмен кездесу Астанада 22-қараша күні өтеді

19.11.2014
Геннадий Головкинмен кездесу Астанада 22-қараша күні өтеді

Мексикада WBC және HBO тарапынан ұйымдастырылған ресми шара мен ақпанда өтетін жекпе-жекке дайындалу жұмыстарына байланысты Геннадий тек Астанаға келе алады. Бұған дейін ол Алматыға да барады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, 22-қарашада сағат 10:00-де Геннадий Головкин, оның ағасы әрі бапкері Максим Головкин және GGG компаниясының менеджері Олег Германның қатысуымен журналистерге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Бұл мәслихат Геннадийдің ақпандағы жекпе-жегіне арналады.

Баспасөз мәслихатына қатысатын журналистер міндетті түрде аккредитация өту керек. Толық аты-жөніңіз бен БАҚ аты (фото және видео-операторлар жеке көрсетіледі) көрсетілген өтініштерді 21-қараша сағат 17:00-ге дейін teamgggmedia@gmail.com поштасына жіберуге болады, деп хабарлайды ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Геннадий Головкиннің жанкүйерлер парақшасы.

Хабарламаларға жазылу