Ресей әскерінен азат етілген Изюм қаласынан 440 адамның мәйіті табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей әскерінен азат етілген Изюм қаласынан 440 адамның мәйіті табылды

16.09.2022

Украинада өткен аптаның соңында Ресей армиясынан азат етілген Изюм қаласынан 440 адамның мәйіті көмілген мола табылды. Солтүстік-шығыстағы Харьков облысында орналасқан бұл қалаға сәрсенбі күні президент Владимир Зеленский сапар шекті. Оның сөзінше, Ресей жауынгерлерінен босатылған жерлерде адамдардың қырғынға ұшырағанына дәлелдер табылып жатыр, сондықтан Мәскеу жауапқа тартылуы керек.

Алайда, ресейліктер Украинада бейбіт халық пен азаматтық нысандарды көздегенін үнемі жоққа шығарып келеді.


Хабарламаларға жазылу