2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» компаниясы жекешелендіруді аяқтамақ
2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» компаниялардағы үлесін азайтып, жекешелендіруді аяқтамақ. Басқарма төрағасының айтуынша «ҚазМұнайГаз», AirAstana, QazaqGaz және «Қазақстан темір жолы» компаниялары IPO-ға, KEGOC компаниясының SPO-cын өткізу жоспарланып отыр. Соның ішінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы IPO-сын өткізу үшін белсенді түрде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның акцияларын жергілікті Қазақстан Қор Биржасы және Астана халықаралық биржасында сату жоспарланған. AirAstana да ІРО өткізуге дайын. Сауда басталуы үшін халықаралық нарықтардың қалпына келуін күту керек.
Алмасадам Сәтқалиев, «Самұрық – қазына» АҚ басқарма төрағасы:
«Самрұқ-Энерго» компаниясы екі кәсіпорынға бөлінеді. Бірінші компанияға барлық көмір активі беріледі. Екінші компания SamrukGreenCo деп аталады. Оған барлық жасыл актив беріледі: СЭС және ЖЭК объектілері. Ол 2023-2024 жылдары IPO-ға шығарылады. Алайда қор стратегиялық активтерді бақылау пакеттері сақтайды.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16