Әзербайжан мен Армения атысты тоқтатуға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзербайжан мен Армения атысты тоқтатуға келісті

15.09.2022

Әзербайжан мен Армения атысты тоқтатуға келісті. Бұл туралы Армения қауіпсіздік кеңесі мәлімдеді. Алайда Баку жаңа ымыраға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Соңғы ақпаратқа жүгінсек, екі ел шекарасында болған қарулы қақтығыстан 150-ден астам адам мерт болды. Қаза тапқандардың 50-і – Әзербайжан жауынгері. Ал Армения 105 жауынгер жоғалтқан. Қазір тараптар әскери жанжалдың қайта басталуына бір-бірін кінәлап отыр.

Ресми Ереванның сөзінше, Әзербайжан армиясы Арменияның 10 шаршы шақырым аумағын басып алған. Баку болса, қарсы жақты Кельбаджар ауданына шабуыл жасады деп айыптады.


Хабарламаларға жазылу