Әзербайжан мен Армения күш қолданбауға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзербайжан мен Армения күш қолданбауға келісті

01.11.2022

Әзербайжан мен Армения Оңтүстік Кавказдағы жанжалдарды тоқтату жолында күш қолданбауға уағдаласты. Мұндай мәмілеге тараптар Сочиде өткен үшжақты кездесуде қол жеткізген.

Келіссөздерге Кремль басшысы Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысты. Олар қабылдаған қорытынды мәлімдемеде барлық даулы мәселелер «егемендікті, территориялық тұтастық пен шекаралар мызғымастығын өзара мойындау негізінде шешілуі керек» деп жазылған.

Кейбір сарапшылардың ойынша, бұл жүздесу Ресейдің Кавказдағы ықпалы айтарлықтай әлсіреген шақта өтіп отыр.

Айта кетсек тамыздың басынан бері Еуропа одағының, АҚШ-тың, Түркияның бастамасымен Әзербайжан мен Армения лидерлері бірнеше рет кездесіп, аймақта атысты тоқтату, бейбіт келісім әзірлеу проблемаларын талқылады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу