Таулы Қарабақта Армения мен Әзербайжан полициясы арасында атыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақта Армения мен Әзербайжан полициясы арасында атыс болды

06.03.2023

Таулы Қарабақта Армения мен Әзербайжан полициясы арасында атыс болды. ВВС агенттігінің хабарлауынша, екі жақтан да қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Тараптар атысты кім бірінші болып бастағанына қатысты түрлі айғақ келтіреді. Әскерилер қару-жарақ пен оқ-дәрі тасымалдауы мүмкін көлікті тексермек болды деген ақпар бар. Мұндай мәліметті Әзербайжан Қорғаныс министрлігі таратты. Ал Арменияның полицейлері жұмысқа бара жатып, қоршауға түскенін айтады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу