Президент Жолдауында саяси, экономикалық маңызды мәлімдемелер жасалды. Соның ішінде әлеуметтік бастамалар халықтың көңілінен шықты. Ал алдағы болатын президент сайлауына бұқара үмітпен қарайды.
БЛИЦ:
Президентті қолдап, шынымен 7 жыл болса өзінің Жолдауында айтып жатқан бастамаларды іс жүзіне енгізуге, еліміздің тұрмыс жағдайын жақсартуға, ұзартуға мүмкіндік туады деген сөз.
Шет мемлекеттерде 4 жылдан екі рет сайланады. Сонда 8 жыл. Ал біз дамушы ел болғандықтан бізге 7 жыл мерзім, яғни, Президентке жетеді деп ойлаймын. Себебі 7 жылда өзінің саяси-экономикасын, саяси елді тұрақтандырады деп ойлаймын. Сондықтан бұл шешімді мен қолдаймын.
Бұған дейін ауыл тұрғындары медицина қызметіне қол жеткізе алмай ауруларын асқындырып, дәрігерге көрініп жатса, енді бұл олқылықтың орны толатын болды. Өйткені ауылды жерлерге медициналық пункттер салынады деп Президент халықты бір қуантты.
Президент ең төменгі жалақы көрсеткішінің 50 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтерлетінін айтты. Жолдауда қамтылған жаңашылдықтардың барлығы елдің экономикасын, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Сондықтан көпшілік оны қолдап жатыр.