Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің алғашқы бөлігі аяқталды
Дін көшбасшыларына жаңа міндеттемелер жүктелді. Ол ізгілік тұрғысынан адамдардың құлдырауына жол бермеу. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жетінші съезі өтіп жатыр.
Әсима Нұрбайқызы, тілші:
Жаңа ғана отырыстың алғашқы бөлігі аяқталды. Мемлекет басшысы бұл діндер съезі бүкіләлемдік диалог алаңына айналғанын айтты. Әрі бірнеше мәселені талқы алаңына салды. Белгісіздік белең алған тұста бірігу керектігін айтты. Ал Рим Папасы тұтас ойын ұлы Абаймен байланыстырып шықты. Тіпті қара сөздерінен мысал келтіріп, зорлық-зомбылықтан, іріткі салу сынды теріс әрекеттерден жиренуді Абайдан үйренуге шақырды. Адамзаттың басты құндылықтарын атады. Оның негізгі ұстанымы бауырмал болу, жанашыр, әрі бір-біріне мейірімді болуға үндеді.
Ал «Әл Азхардың» жоғарғы имамы Шейх Мұхаммад ахмад Ат-Тайеб Ғаламдық жылыну қаупіне тоқталды. Осы апаттардың бәрі адамдардың қолымен жасалғанын, мұны тоқтату керектігін айтты. Ол үшін бәріне керек қасиет - ізгілік. Жалпы, жиналғандар қазір жаһандық үлкен дағдарысты атады. Ол экономика мен экологиядан да биік рухани дағдарыс. Осымен күресте кешікпеу керек деп отыр. Ең бастысы, кедейлерге, жоқ-жітімге қол ұшын созу мәселеріне басымдық берілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44