ҚХР Төрағасы соңғы екі жылдағы алғашқы шетелдік сапарын Қазақстаннан бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХР Төрағасы соңғы екі жылдағы алғашқы шетелдік сапарын Қазақстаннан бастайды

13.09.2022

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ертең елімізге мемлекеттік сапармен келеді. Ал сапар қарсаңында Қазақстандық басылымға оның мақаласы шықты. Қытай басшысы екі ел арасындағы 30 жылдық дипломатиялық қарым-қатынасты жоғары бағалап, достықтың озық үлгісін көрсеттік деп атап өтті. Сондай-ақ, эпидемиологиялық жайсыз жағдайға қарамастан, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы пандемияға дейінгі көрсеткішке жетіп, 25 млрд доллар болған. Бұдан бөлек, өндірістік бағыт пен инвестиция бойынша 21,2 млрд доллардан аса сомаға 52 бірлескен жобаны қамтитын тізбе жасалды,- деген Си Цзиньпин.

Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының төрағасы:

Қазақта «Достық – таусылмас қазына» деген мақал бар. Егер біз татулық пен достық қағидаттарын ұстануды, көпжоспарлы өзара тиімді ынтымақты тереңдетуді жалғастыратын болсақ, онда Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасының кезекті алтын 30 жылдығы күтіп тұр деп сенемін.

Сондай-ақ, Қытай басшысы көрші елдердің ынтымақ пен достығын одан әрі арттырып, екі тарапқа да пайдалы байланысты нығайта түсуі керектігін жеткізді. Келесі жылы өзі Қазақстанда ұсынған "Жібек жолының экономикалық белдеуін" бірлесіп салу бастамасына тура 10 жыл толады. Осы уақыт аралығында "Бір белдеу – бір жол" бастамасы теориялық дамудан практикалық іске асыру кезеңіне көшкенін атап өтті. Си Цзиньпин екі елдің ортақ қауіпсіздігін сақтап, халықаралық аренадағы байланысты одан әрі жан-жақты жетілдіру керектігін баяндаған.


Хабарламаларға жазылу