Ресей армиясы Харьков облысынан қашып бара жатып, электр станциясына соққы берген. Соңғы мәліметке қарағанда, бұл шабуылдан Харьков, Донецк, Суми, Запорожье, Днепропетровск облысында 6 миллиондай адам жарықсыз қалды.
Президент Владимир Зеленский мәлімдегендей, ресейліктер мұндай әрекетке кек алу мақсатында барып отыр. Мәскеу Украинада азаматтық нысандарды көздегенін үнемі жоққа шығарып келеді. Қыркүйектің басынан бері Украина әскері Харьков аймағында қарымта шабуылға кірісіп, 3 мың шаршы шақырым аумақтағы ондаған ауыл мен қаланы қайтарды. Қазір ол жерде мемлекеттік ту қайта көтеріліп, халық азаттықты мерекелеп жатыр.
Ресейдің сан мың жауынгері Харьков өңірінде талай қаруын тастап, шығысқа бас сауғалады. Кремль оларды Донецк облысын қорғау үшін әдейі әкеткенін мәлімдеп отыр.