Доллар тағы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллар тағы қымбаттады

09.09.2022

Доллар тағы қымбаттай түспек. Ұлттық банк төрағасының орынбасары бүгін осындай болжамын жария етті. Әлия Молдабекованың айтуынша бұған АҚШ-тың федеративті резервтік жүйесі басшысының мәлімдемесі түрткі болуы мүмкін. Джексон-Хоул базалық мөлшерлеменің төмендемейтінін, керісінше көтеріле беретінін мәлімдеген. Бұл Қазақстан сияқты дамушы елдердің валютасына кері әсер етеді, дейді Молдабекова. Десе де бүгін теңге долларға шаққанда 4 теңгеге нығайып, қазір 473 теңгеге теңесті. Бірақ валюта айырбастау орындарында сәл қымбатырақ, 475-477 теңгеден сатылып жатыр. Есесіне мұнай қайта қымбаттауы мүмкін.

Әлия Молдабекова, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

Goldman Sachs инвестициялық компаниясы мұнай құны көтеріледі деп болжап отыр. Бұған карантиннен кейін сұраныстың артуы және қымбаттап жатқан газдың орнына қара алтынды тұтыну секілді факторлар себеп болмақ. Жыл соңына дейін баррельінің бағасы 125-130 долларға жетуі мүмкін.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу