БҚО-да лауазымды тұлғалар бизнестің жұмысына заңсыз араласқан
Батыс Қазақстанда соңғы үш жылда бизнестің жұмысына заңсыз араласудың 12 дерегі тіркелген.
15 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет анықтаған заңбұзушылықтар салық, мемлекеттік сатып алу, құқық қорғау, ветеринария саласында жиі кездеседі. Мәселен, өңірде 500-ден астам шаруа қожалығында мал уақытылы сырғаланбаған. Сол себепті субсидия ала алмай отыр. Шағын- орта кәсіпкерлікке грант беру ісіне де мониторинг жасалды. Нәтижесінде 457 заң бұзу дерегі анықталып, мемлекет көмегі қаржыға нағыз мұқтаж, адал кәсіпкерлерге берілді.
Саян Ахметжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы:
Біз өз жұмысымызды бағалау тәсілдерін түбегейлі өзгерттік. Әрбір облыс және республикалық маңызы бар қала үшін сыбайлас жемқорлық қатерлерінің картасы әзірленді. Осы арқылы қылмыстың алдын алу шарасын күшейтеміз. Бизнесті қорғау мәселесі біздің күн тәртібімізден түспейді. Агенттік жанынан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар арнайы жұмыс тобы да құрылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06