Боливияның солтүстігі мен орталығында өрт қаулап барады. Одан Чикитания және Амазонканың бөлігі саналатын төрт орман қорығына қауіп төніп тұр.
Ал Санта-Крус және Бени аймақтарында оттың 16 ошағы анықталған. Лапылдаған жалынның күшейе түсуіне сағатына 90 шақырым жылдамдықпен соққан жел себепші.
Бенидің төрт ауданында төтенше жағдай жарияланды. Мұнда төрт жарым мың гектар аумақты күлге айналдырған өртті сөндіруге 500-дей адам тартылған. Олардың қатарында әскер қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар да бар. Әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ.