Аргентинада бір аптадан бері орман өрті қаулап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада бір аптадан бері орман өрті қаулап жатыр

09.01.2018

Аргентинада бір апта бойы орман өрті дес бермей жатыр. Тілсіз жау елдің Мендоса провинциясында тұтанған. Өрттің тез таралуына құрғақ жел мен 40 градус аптап ыстық себепші. Жалынды сөндіруге құтқарушылар тартылып, ұшақ, тікұшақтар мен ылғалдандырғыш заттар қолданылып жатыр. Ресми деректерге сай, от 100 мың гектардай алқапты күлге айналдырған. Әзірге, өрттен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен, тұрғындарға абай болу қажеттігі ескертілді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу