Боливияда өрт ұлттық саябаққа жақындап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда өрт ұлттық саябаққа жақындап қалды

31.10.2023

Боливияда алапат орман өрті бірнеше күннен бері дес берер емес. Лапылдаған жалын дәнді-дақылдарды күлге айналдырып, енді ұлттық саябаққа қауіп төндірді. Үкіметтің мәліметінше, елдің төрт ауданында 16 от ошағы тіркелген. Өрт сөндірушілерге тілсіз жаумен күресуге көмектесу үшін тікұшақтар тартылды. Боливияда орман өрті қазанның 18-де тұтанды. Содан бері оны сөндіруге күш салынғанымен, әзірге нәтиже болмай жатыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу