Кәсіпкерлер Жолдаудағы экономикалық мәселелерге қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер Жолдаудағы экономикалық мәселелерге қатысты пікір білдірді

08.09.2022

Президент Жолдауында әлеуметтік саламен қатар экономикалық мәселелер де қозғалды. Әсіресе кәсіпкерлікті қолдаудың кемшіліктері мен несиеге қаржының жетіспеуі жас бизнесмендердің көңілінен шыққан. Өйткені, олар несиені айлап күтеді.

БЛИЦ:

Жолдауда біраз нәрселер өте дұрыс. Халыққа керек нәрселер. Әсіресе, Қазақстан бойынша, біздің қалада жол жағдайы нашар. Көптеген көшеде жол жоқ. Мектеп жетіспейді, мектеп салу керек, 2-3 кемінде. Әйтпесе, әр мектепте үш ауысымнан оқып жатыр.
Жаңа Қазақстан жасау үшін шын мәнінде жаңа бастамалар керек. Маған ұнағаны бір-ақ кезекке президенттік сайлау болатыны және оны 7 жылдық ету дегенін қолдаймын. Неге десеңіз 7 жылда әрбір басталған бастаманы тыңғылықты аяқтауға болады.
Президент Жолдауда шағын және орта бизнесті қолдау керегін айтты. Бізге қазір қаржы жетпей жатыр. Банктер осыдан кейін қолданылмай жатқан қаржыны айналымға шығарып, бизнеске тиімді несие береді деп үміттенем.
Президенттің қайта сайлау өткізуі жөнінде және өкілеттілігіне байланысты ұсынысын өзім қолдаймын. Өйткені, қазіргі таңда еліміздегі саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдай тұрақталуы қажет. Нақты бағдарламаның нақты нәтижесін көру үшін нақты уақыт керек.
Табылған байлықтардың белгілі бір мөлшерін 18 жасқа дейінгі, туылғанна бастап соларға сыйақы ретінде береді. Бірақ айтты теңгелік емес деді, бұл енді долларлық күйінде түседі. Ол бір шетінен дұрыс. Өйткені теңге бірде көтеріліп, бірде құнсызданып жатыр.

Хабарламаларға жазылу