Еліміздің ауылшаруашылық тауарлары Қытайда сұранысқа ие - Мұхтархан Бияров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің ауылшаруашылық тауарлары Қытайда сұранысқа ие - Мұхтархан Бияров

23.05.2015
Еліміздің ауылшаруашылық тауарлары Қытайда сұранысқа ие - Мұхтархан Бияров

Еліміздің ауылшаруашылық тауарлары Қытайда сұранысқа ие. Өйткені қазақстандық тауарлар экологиялық таза, табиғи өнімдер. Қазақстан және Қытай кәсіпкерлерінің форумында Алматы сауда және инвестиция палатасының директоры осындай пікір білдірді.

Экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясында өткен жиынға 70 қытайлық компания өкілдері мен 200-ге тарта отандық кәсіпкерлер қатысты.

Шара барасында екі тарап мамандары бірі-бірімен ашық әңгіме өрбітіп, әріптестік орнатуға уағдаласты. Мәселен, біздің елде қытайдың технологияларына сұраныс болса, олар біздің ауылшаруашылық өнімдерін тұтынуға мүдделі.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу