Түркиялық сарапшы Жолдаудағы президент мандатын шектеуге қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиялық сарапшы Жолдаудағы президент мандатын шектеуге қатысты пікір білдірді

02.09.2022

Бауырлас түркиялық сарапшылар да Қазақстан Президентінің Жолдауына жоғары баға беріп отыр. Президент мандатын бір мерзіммен шектеу демократиялық негіздерге сүйене отырып жасалған маңызды шешім екенін атап өтті. Бұдан бөлек, шетелдік экономистер халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бастамалар ел дамуына тың серпін береріне сенімді. Қазіргідей экономикалық қысылтаяң кезеңде бұл аса маңызды, дейді

Алпер Тунга Кылыч, саясаттанушы:

Президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу – тарихи шешім. Мұндай қадам Мемлекет басшысының жұмысына серпін беріп, аз уақытта көп іс тындыруға мүмкіндік жасайды. Бұған дейінгі саяси партиялардың тіркелуін жеңілдету де елдегі саяси бәсекелестікті арттыратын демократиялық дамудың бір үлгісі.


Хабарламаларға жазылу