«Балқаш жылу» компаниясының директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Себебі кәсіпорын табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті бекіткен инвестициялық бағдарламаны орындамаған. Бұл туралы Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті хабарлады. Жылумен қамтуға және жаңғыртуға 116 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Алайда тексеріс кезінде жоспарланған жұмыстың 98 пайызы орындалмағаны анықталды. Балқаш тұрғындарына келтірілген шығын 113 миллион теңгеден асады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін жеке тұлғалар үшін де, ұйымдар үшін де жылу энергиясы үшін тариф 300 теңгеге азайтылды. Оған дейінгі баға 1 гигакалорияға 3143 теңге болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06