Қарағанды облысындағы 7 аумақта тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр
Өңірде дала өрті өршіп тұр.
Руслан Нұрланұлы, тілші
Кешелі бері облыс аумағында барлығы 17 өрт дерегі тіркелген. Қазір 7 аумақта тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр. Бұған дейін Шет ауданының Қызылтау елді мекені маңында 300 гектардан астам құрғақ шөпті алқаптар жанған. Бұл ең үлкен өрт дерегі деп тіркелген еді. Енді осы ауданның Шопа мен Бұрма елдімекендері аралығында тағы бір алапат өрт шықты. Оның аумағы 1 мың гектардан асады.
Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысы:
Қызылтау елді мекенінің қасында болып жатқан өрттен ауылға қауіп жоқ. Айналасы тақыр жер. Өртте алыс жерде. Шопа, Бұрма осы екі ортада болып жатқан дала өртінің аумағы қазіргі кезде 1 мың гектардан астам деп беріп отырмыз. Барлық ошақтарда күштер мен жасақтар жеткілікті.
Қазір облыс бойынша тілсіз жауды сөндіруге жергілікті органдар мен төтенше жағдай және орман шаруашылығы қызметтерінен 400-ге жуық адам мен 83 техника жұмылдырылған. Мамандар соңғы күндері дала өртінің жиілеуіне негізінен жаңбырсыз жаздан болған құрғақшылық пен тұрғындардың отқа абайсыздығы себеп болып отыр, дейді.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07