Аманқарағайда жел салдарынан өрт ошақтары пайда болып жатыр – ҚР ТЖМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аманқарағайда жел салдарынан өрт ошақтары пайда болып жатыр – ҚР ТЖМ

06.09.2022

Қостанай облысындағы өрттің беті қайта бастады. Қазір елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Төтенше жағдай болған жердегі өрт ошақтары сөндірілген. Ведомство басшысы ахуалдың қалыпқа келе бастағанын айтады. Түнде жауған жауынның арқасында ауа ылғалы күшейген. Қауіпті аймаққа жақын орналасқан ауылдарды құтқарушылар күзетіп тұр. Юрий Ильиннің айтуынша, Аманқарағай ауылында қосымша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнда желдің салдарынан әр кезде өрт ошақтары пайда болып жатқан көрінеді. Министрліктің соңғы ақпараты бойынша, өрт аумағы 43 мың гектардан асты. Орман шаруашылығының жалпы аумағы 107 мың гектардан асады. Өрт кезінде 91 үйге зақым келген. 11 адам зардап шекті. Олар жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат алған. Арасында күйік шалып, уланғандары да бар. Сондай-ақ 87 жастағы мүмкіндігі шектеулі қария көз жұмды.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Қазіргі жағдай алдыңғы үшінші, төртінші күнгі қауіпті кезеңмен салыстырғанда қалыпқа келе бастады. Бүгін түнде Бағаналы елдімекенінде шиеленісті жағдай болды. Ондағы халық эвакуацияланды. Дауылдың салдарынан өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері барлық мүлікті қорғады. Қазір ауылға қауіп жоқ. Өртті жою бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бүгін, ертең өртті толық сөндіреміз деп отырмыз. Одан әрі орман шаруашылығы комитетінің қызметкерлері жағдайды бақылайды.


Хабарламаларға жазылу