Абай облысында тұрғындарға қарағайлы орман аумағына кіруге тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында тұрғындарға қарағайлы орман аумағына кіруге тыйым салынды

06.09.2022

Мамандар қауіпсіздік үшін осындай шешім шығарған. Соңғы күндері өңірде ауа температурасы 38 градусқа дейін ысып, өрт қаупі жоғарылаған. Орманға жақын орналасқан жолдар мен далада да  қауіпсіздікке мұқият мән берілуде. Елді мекендер тұрғындарына ескерту жасалды. «Семей орманы» резерватының аумағында үш ай бұрын ғана өрт салдарынан  250 гектар қарағайлы аумақ жанып кеткен болатын.

Хабарламаларға жазылу