Әулиекөл тұрғындарына зейнетақы мен жәрдемақы бүгін төленеді
Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетіне қарасты облыстық департамент мамандары айтты. Тек өрттен зардап шеккендер ғана емес, жалпы аудан бойынша алуы тиіс бас-аяғы 9 мыңға жуық адамның есепшотына әлеуметтік төлем жіберіледі. Өрт болған Қарасу ауданына қарасты Люблинка ауылындағыларға да жәрдемақы мен зейнетақыны осы аптада беру қарастырылып жатыр. Ал өрттен зардап шеккен мүмкіндігі шектеулі жандар қажетті заттармен қамтылады. Мәселен, кейбірінің мүгедектік арбасы жанып кеткен. Оларға мемлекет тарапынан арба беріледі. Сондай-ақ санаторий немесе оңалту орталықтарына жолдама кезексіз берілмек. Ал жұмыссыз қалғандардың айлығы сақтала отырып, еңбек демалысына жіберіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жол ережесін өрескел бұзатындарға жауапкершілікті күшейту керек пе?
05.04.2026, 19:53
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08