Алматыдан Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендер тұрғындарға алғашқы гуманитарлық көмек жіберілді. «Amanat» партиясы Алматы қалалық филиалы жанынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды. Еріктілер тобы құрылып, 8 ауданда жұмыс жұмыс істеп жатыр.
Қуан Нұрақын, тілші:
Гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігінің алғашқы легі бүгін түнде аттанды. Еріктілердің сөзінше, қала тұрғындары қол ұшын созуда белсенді. Тіпті арасында құрылыс заттарын әкелгендер де бар.
Мақсат Шегебаев, ерікті:
Барлығы ерікті түрде өздерінің жағдайына қарамастан көмектесуде. Тек қана белсенділер мен партиялықтар, қайраткерлер ғана емес, қала тұрғындары да өз ерік- жігерлерін көрсетіп жатыр.
Қуан Нұрақын, тілші:
Қостанайға жіберілген алғашқы көмектің салмағы 50 тонна. Дені алыс жолға жарамды азық-түлік пен жеке гигиеналық заттар.
Мейіржан Отыншиев, «Amanat» партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
Екі фураны Қостанай облысына жолдап жатырмыз. Сонымен қатар ертең тағы да осындай төрт жүк көлігін жіберу жоспарымыз бар. Қала тұрғындары өздері келіп кішігірім көмегі болса да әкеліп жатыр. Киім-кешектер, май, тұз, қант, ұн деген сияқты.
Қуан Нұрақын, тілші:
«Amanat» партиясы өкілдерінің хабарлауынша, қол ұшын созамын, көмектесемін деген азаматтар болса қалалық партияның филиалында гуманитарлық пункті ашылған. Мекенжайы Абылай хан көшесі, 79-шы ғимаратта орналасқан.
Қуан Нұрақын