Қостанай облысындағы 4 аумақта өрт өшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысындағы 4 аумақта өрт өшірілді

05.09.2022

Өрт сөндірушілер тағы 4 жердегі тілсіз жаумен күресіп жатыр. Өңірде жағдай тұрақталып келеді. Кеше өрт 8 аумақта болса, оның төртеуі толық өшірілді. Бүгін ауылдарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен күштік құрылымдар қалған аумақтардағы тілсіз жаумен күресіп жатыр. Оның үстіне көп жерлер әлі де бықсып жатыр. Қайта тұтанып кетпеуі үшін өрт сөндірушілер қайта-қайта өшіріп жатыр. Жалпы тоғай ортасындағы табиғаты сұлу Амаңғарағай ауылының қазіргі көрінісі осындай. ІІМ осы алапат өртке қатысты 2 бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Орманды өртеп, жойып жіберу бойынша және абайсызда зақым келтіру істері бойынша тергеу басталды. Ал егістік алқаптарына келетін болсақ, Қарабалық ауданында 15 га және Меңдіқара ауданында 1 га бидай аумағы өртеніп кетті.

Бұл жалпы облыстағы егін алқабының 0,1 пайызы. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі өрттен егістік аумақтарына зардап келген жоқ деп отыр. Жалпы, Қостанайдағы бұл табиғи апаттан азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп жоқ. Сондай-ақ ақпараттық штаб құрылды. Жағдай толық тұрақталғанша, жұмыс істейді.


Хабарламаларға жазылу