Қостанай облысындағы өртте бір адам көз жұмды
Қостанай облысындағы өртте 86 жастағы тұрғын қаза тапты. Құтқарушылар марқұмның денесін Аманқарағай аулындағы қираған үйлердің астынан бүгін таңертең алып шыққан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Новонежинка ауылында өткен арнайы брифингте мәлімдеді.
Юрий Ильин, Төтенше жағдайлар министрі:
«Марқұм – 1936 жылы туған мүгедектігі бар азамат. Жедел шаралар барысында учаскелік инспектордың эвакуация туралы ескерткенін анықтадық. Бірақ басқа жаққа көшуден бас тартқан. Алайда адам өлімі фактісі бойынша тергеу жүргізілетін болады».
Соңғы мәлімет бойынша өрттің жалпы аумағы 43 мың гектардан асқан. Қызыл жалынның сегіз ошағы анықталып отыр. Қазір өртті елдімекендерге жібермеу үшін үш жерде күрес жүріп жатыр.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06