Юрий Ильин: Өрт аумағы 9 мың гектардан асады
Өрт салдарынан келген шығын есептеліп, зардап шеккен азаматтарға тиісті көмек беріледі. Аманқарағайдың тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов осылай деп мәлімдеді. Әзірге 1800-ден аса адам қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл Озерное, Аманқарағай ауылының солтүстік аумағынан, Калинино, Лесное елдімекенінен жеткізілген азаматтар.
Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:
Қазір барлық отбасын аралап, жағдайларыңызды біліп, өрт сөндіріліп, жағдай тұрақталғаннан кейін арнайы комиссия барлық шығынды санайды. Оған уайымдамаңыздар. Әрбір отбасыға, балаларыңызға көмек көрсетіледі. Ең бастысы уайымдамаңыздар, психологтар, дәрігерлер бар көмек керек болса. Осы жерде бірнеше күн боласыздар.
Зардап шеккен тұрғындар Әулиекөл ауылының екі орта мектеп мен интернатқа жеткізілді. Ауыз су, тамақпен қамтамасыз ету мәселесі де шешілді. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин көрші облыстардан да көмек келгенін айтты. Мобильді топ құрылған.
Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Жағдай бақылауда. Өрт аумағы қазір шамамен 9 мың гектардан асады. Аэроғарыш арқылы түсірілім жүргізіліп, өрттің нақты аумағы анықталады. Арнайы комиссия бар. Азаматтардың бәріне қажетті көмек көрсетіледі.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07