Әулиекөлдегі орман өрті: Елдімекендерге қауіп жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әулиекөлдегі орман өрті: Елдімекендерге қауіп жоқ

07.09.2022

Қостанай облысындағы табиғи өрт бойынша елдімекендерге қауіп жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы мәлімдеді. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ. Қалдық от ошақтарын сөндіру жалғасып жатыр.

Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарында қарауылдау ұйымдастырылды. Аздаған жауын жауғандықтан ауа ылғалдығы артқан. Жағдай тұрақталды. Тек Озерное, Аманқарағай ауылдарында кей өрт ошағы әлі бықсып жатыр.


Хабарламаларға жазылу