Президент төтенше жағдай салдарын жою үшін шұғыл тапсырма берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент төтенше жағдай салдарын жою үшін шұғыл тапсырма берді

04.09.2022

Президент төтенше жағдай салдарын жою үшін Үкіметке қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берді. Мемлекет басшысы Премьер-Министр, Төтенше жағдайлар министрі мен Қостанай облысы әкімінің өрт аймағындағы жағдай туралы есебін тыңдады. Барлық мемлекеттік органның жұмысын Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мен Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов үйлестіреді. Олар Қасым-Жомарт Тоқаевқа өртті ауыздықтап, елдімекендерден азаматтарды эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы жедел баяндап отыр. Президент азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрт сөндіруге басымдық беруді жүктеді.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу