Мемлекет басшысының төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті

24.06.2019

Цифрлық платформаны қолдана отырып, бірыңғай әлеуметтік картаны кешіктірмей енгізу қажет. Бүгін Президент жауаптыларға осындай пәрмен берді. Мемлекет басшысының төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саладағы теріс әрекеттерді жою үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министріне атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, Президент Әкімшілігі мен Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу